Бағдат Мусин Семей қаласындағы Abai it-Valley технопаркіне барды

Бағдат Мусин Семей қаласындағы Abai it-Valley технопаркіне барды

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Abai it-Valley технологиялық кластеріне барды. Бұл өңірлік IT-қоғамдастық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді оқытуға, өзара іс-қимылға және іске асыруға арналған алаң. Abai it-Valley резиденттері әзірлеген жобалардың ішінде виртуалды 3D зертханасы, ұсақ моториканы дамытатын балабақшаларға арналған модельденген 3D ойыншықтар, NFT - кроссовкалар, агромайнинг және т.б. бар.

️Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Astana Hub және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қолдауымен Alikhan Bokeikhan University базасында құрылды. IT-жоба өткен жылдың жазында Семейде ашылды. Ағымдағы жылы Astana Hub қолдауымен технокластер Tech Orda бағдарламасы бойынша 43 ваучер алды.

Айта кетейік, IT оқыту саласы жас ұрпақ арасында танымал болып келеді. Қосымша білім ретінде Семей қаласында балаларға арналған 3 бағдарламалау мектебі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оқушылардың жалпы саны 400-ден асты.