Абай облысынан табылған алтын бұйымдар өлкетану музейіне тапсырылды

Абай облысынан табылған алтын бұйымдар өлкетану музейіне тапсырылды

Аягөз маңындағы көне қорғаннан археологтар бағалы металдан жасалған тақтайшалар, жануарлардың мүсіндері және ұсақ моншақтар тапты.

Бүгін Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне жәдігерлерді тапсыру рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог Ғани Омаров бұл жәдігерлердің өңір тарихы үшін бірегей және аса құнды екенін айтты.

- Біз 2021 жылдан бері Мәдениет министрлігінің гранты бойынша Аягөз ауданында салааралық зерттеу жүргізіп жатырмыз. Екі жылдың ішінде біз бұрын беймәлім болып келген 100-ге жуық археологиялық нысандарды – қорғандарды, қоныстарды, жартастағы бейнелерді анықтадық. Өткен жылы біз қола дәуірінің екі қоршауына, ал өткен жылы үш қорғанға қазба жұмыстарын жүргіздік. Қорғандардың бірі ақсүйектерге тиесілі, б.з.б. 8-9 ғасырлар – ерте дәуірдегі сақ қорғандарының бірі.

Биіктігі шамамен 3 метр болатын ең биік дәл осы қорғаннан ең құнды олжалар табылған. Барлығы 2982 алтын бұйым табылды, олардың көпшілігі ұсақ моншақтар және бұғы мүсіндері мен табақтар да бар.

Мамандардың айтуынша, қорғанның бір заманда талан-таражға түскеніне қарамастан, адам сүйектері мен алтын бұйымдар сақталғандықтан, Алтын адам деп бағалауға болады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай Абай өңірінің тарихын тереңірек зерттеу үшін археологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отырғанын айтты.

Археологтар Бозай қорымынан табылған адам заманында белгілі тұлғалардың бірі болғанын топшылайды. Себебі алтын бұйымдармен ғана емес, бүркіт іспетті ірі құспен бірге жерленген. Бұл алтын адамның келбетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.