ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Абай облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Абай облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров семейліктермен бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай сауалдардың бірі кәсіподақтардың жұмысына қатысты болды. Данияр Қадыров атап өткендей заң бойынша кәсіподақтарға гранттық ұтыс ойындарына қатысуға рұқсат етілмейді, бірақ кейбір бірлестіктердің заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып жатыр.

️Сонымен қатар, вице-министр журналист кадрларын даярлау мәселесінің маңыздылығына және талқыланып жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасында көзделген жаңашылдықтардың біріне тоқталды.

– Журналистердің мәртебесін айқындау мен олардың жұмысын көрсету үшін пресс-карта беріледі. Пресс-карта иеленген журналистер мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктерге ие болады. Бұл карта журналистке айтарлықтай артықшылық бере алатынын айта кеткен жөн. Блогерлерге келетін болсақ, әзірге біз халықаралық, соның ішінде алыс шетелдердің тәжірибесін зерттеп жатырмыз, - деп атап өтті Данияр Қадыров.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші басқарма басшылары өңірлерге тұрақты түрде шығып, халықпен кездесіп тұратынын атап өтіп, шараның тиімді екенін айтты.

Жиын соңында Данияр Қадыров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сондай-ақ Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.