
️Бұл шешім бюджетке түсетін салмақты азайтып қана қоймайды, сонымен қатар студенттер үшін қазіргі және алдағы уақыттағы орын тапшылығы мәселесін әлдеқайда жылдам шешеді.
«Қаржы орталығы» АҚ бас маманы Қайсар Тулепбаев Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өткендей, бағдарлама 2018 жылдан бері жүзеге асырылуда.
– 2018 жылдан бастап бағдарламаны оператор «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарында студенттерге арналған жатақхана салуға инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартуды және орын тапшылығын жоюды көздейді, - деді Қайсар Төлепбаев.
Алдағы уақытта Семейде жаңа жатақханалар салынуы мүмкін. Бұл бағытта инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.