Мерекелік демалыс күніне қарамастан Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Мерекелік демалыс күніне қарамастан Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Суды сору жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде Семей қаласының Жамбыл, Қажымұқан көшелерінде.

Қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Еріген су жиналған жерлерде сорып алатын кәріз машиналары жұмыс істеуде.

Абай облысы бойынша, еріген суды соруға 15 бірлік техника жұмылдырылды. 450 м3 астам еріген су сорылды.