Көненің көзі - келешектің нұры...

Көненің көзі - келешектің нұры...

️Аяулы нәзік жандыларға арналған 8 - наурыз мерекесі қарсаңында, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қорынан фарфор, шыны және фаянс жинақтарынан «Көненің көзі - келешектің нұры» атты көрме ашылды.

️Әйелдер қауымы фарфор тәрізді жаны мөлдір, жүрегі нәзік! Осындай нәзік жанды арулар сезім мен махаббаттан жаралған. Олар жүрекпен өмір сүріп, жақындары мен балаларын шексіз сүйеді, айналасындағы заттардың әдемі болғанын қалайды. Бүгінгі көрме - әйел жанының сан қырлы ерекшелігі тәрізді әдеміліктен құралған.
Көрмеге Франциядан Қытайға дейінгі аумақта екі ғасырға жуық қолданылып келе жатқан шағын пішіндегі Фарфор және фаянс мүсіні, ыдыс-аяқ, сондай-ақ шыны қойылған.

Бұл XIX ғасырдағы орыс және француз шеберлерінің бұйымдары, кеңес дәуірінің фарфор мүсіншелері, түсті әйнек, қазақстандық зауыттардың керамикасы, Қытай ыдыстары бар.