Бородулиха ауданының Михайличенково және Шелехово ауылдарында воркауты бар 2 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр

Бородулиха ауданының Михайличенково және Шелехово ауылдарында воркауты бар 2 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр

️Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин атап өткендей, Бородулиха ауданының Михайличенково және Шелехово ауылдарында воркауты бар 2 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Коростели, Зенковка және Бородулиха ауылдарында шағын футбол алаңдарын салу жоспарлануда.
Ал Бородулиха ауылында хоккей кортын орнатуға, аудан орталығындағы Жеңіс саябағын абаттандыруға, Бородулиха ауылында және Жезкент кентінде бейнебақылау камераларын орнатуға қаржы бөлінген.

️Новопокровка ауылы мен Жезкент кентіндегі спорт модульдерін жобалау бойынша бастапқы деректер жиналуда.

-Жезкент кентінде – 120 шам, Дмитриевка ауылында – 140 шам, Жерновкада – 60 шам, Переменовкада – 50 шам, Новая Шульбада – 47 шам, Ивановкада – 40 шам, Песчанкада – 40 шам, Красный Ярда 10 дана шам орнатылады, - деді аудан әкімі.

Аудан әкімі айтып өткендей, 2022 жылы Петропавловка ауылындағы ұзындығы 9,1 км жолға қиыршық тас төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Зенковка ауылында да орташа жөндеу, Ивановка ауылындағы Молодежная көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

️Ағымдағы жылы жолдарды жөндеу көзделіп отыр:
-Буркотово ауылына кіреберісте 23 км жолды жөндеу. Сметалық құжаттамасы бар, байқау жарияланған.
-Ұзындығы 0,92 км Жезкент кентіндегі Сахаров көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер бөлігі мен тротуарларды (Дружба мен Тоқтаров көшесі аралығы), Михайличенково, Дмитриевка көшелерін және кенттегі балабақшаларға кіреберістерді жөндеу.