Жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану

Жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті пайдаланушы ұйымдардың иелерінің немесе басшыларының, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауы туралы, атап айтқанда жүк көтергіш механизмдерді, ыдыстарды, алынбалы жүк қармайтын құрылғыларды, кран жолдарын жарамды күйде ұстау және жүк көтергіш механизмдерді тиісті куәландыруды, қарауды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру арқылы қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін хабарлайды. Ұйымда персонал, кран операторы, краншының көмекшісі, слесарь, электромонтер, стропальщик ретінде, тиісті мамандық бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаты бар ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін тексеруден өткен және медициналық куәландырудан өткен соң жұмысқа жіберіледі.

Жүк көтергіш механизмнің жұмысы кезінде ақаулар анықталған кезде оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, ал қажет болған жағдайда кран толық жойылғанға дейін оның пайдаланылуын тоқтатылады.

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралатын болады.