Абай облысының білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

Абай облысының білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері қызметкерлерінің, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, білім бөлімдері басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтың мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізді.

️Кеңес барысында мектептерді бақылау жүйелерімен жарақтандыру, түрлі төтенше жағдайлар кезінде қабылданып жатқан шаралар және мектептердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Кеңесте облыстың барлық 303 мектебі бейнекамералармен жабдықталғаны атап өтілді. Алдағы уақытта бірқатар мектепте бақылау және ескерту жүйелері жаңартылып, талаптарға сәйкестендіріледі.

Сонымен қатар барлық мектептерде дабыл түймелері орнатылған. Сондай-ақ, облыстың 92 мектебі Абай облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған. Бүгінгі таңда жауапты мемлекеттік органдар қалған мектептерді шығару бойынша жұмыс жүргізуде.

Ал оқу жылының соңына қарай қалған 4 мектепте турникет оқу орнату көзделген.
Ауданның бірқатар мектебі мамандандырылған күзетпен келісімшарт жасаған, ал қалған 8 мектеп конкурстық рәсімдерді аяқтауда.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға білім беру ұйымдарына кіргізу режимін қатаң сақтау, мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауын ерекше бақылауға алу және техникалық талаптарға сәйкес барлық бейнебақылау жүйелері мен құлақтандыру жүйелерін ауыстыру бойынша жұмыстарды аяқтау қажеттігі жөнінде тапсырмалар берілді.