2023 жылы Бесқарағай ауданының бірнеше ауылына су құбыры тартылады

2023 жылы Бесқарағай ауданының бірнеше ауылына су құбыры тартылады

Сондай-ақ ауданда кең жолақты интернетті орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда.

️Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов облыстағы 28 елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Аудан әкімінің айтуынша, Ерназар және Бөден ауылдарына су құбырын тарту жұмыстарын аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Ал Глуховкадағы су құбырын жүргізген мердігермен құрылыс жұмыстарын орындамағаны үшін келісімшарт бұзылып, сот процесі жүріп жатыр.

- Қоянбай, Баскөл ауылдары мен Морозов орман шаруашылығын кең жолақты интернетке қосу үшін антенна-мачта құрылғысын орнату көзделіп отыр, - деп атап өтті аудан әкімі.

️2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша аудандық маңызы бар Өндіріс, Жыланды, Қарабас ауылдарының кіреберіс жолдарын жөндеу жоспарлануда.