Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында қызмет алу туралы жадынама

Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында қызмет алу туралы жадынама

📌Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы көрсетілетін қызметтерді алушылардың санаттары:

1. Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар (бұдан әрі – балалар);

2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3. Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар).


I. Тұрғылықты жері бойынша ОДА-ға терапевтке жүгініп, медициналық айғақтар мен оңалту орталығына ұсынымдар болған кезде медициналық - әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін ресімдеу (031-нысан).

II. «Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығына» абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі-АОЖБ) әзірлеу не түзету үшін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментіне (МӘС) жүгіну қажет.

III. АОЖБ алғаннан кейін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Семей қ., Қозбағаров көшесі, 40), «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚКО) немесе электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы төмендегі құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен жүгіну қажет:

▫️сәйкестендіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі бар қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық құжат;

▫️нысан бойынша медициналық карта;

▫️мүгедектікті белгілеу туралы анықтама;

▫️әзірлеген АОЖБ. Құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде өтініш берген адамның (отбасының) өтінішінен алынған деректер «Е-Собес» ААЖ-не енгізіледі.

IV. Бұдан әрі, өтініш тіркеледі және алушылардың кезектілігіне сәйкес әлеуметтік қызметтер порталына (бұдан әрі - ӘҚП) жіберіледі.

V. Көрсетілетін қызметті алушы немесе заңды өкілі электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына» ӘҚП арқылы тапсырысты жүзеге асырады.

📌Еске салар болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы Абай облысында алғашқы 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитация және оңалту орталығы ашылды.

📌Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, облысты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Семей мен Аягөзде тосындай 2 оңалту орталығын салу жоспарлануда.