Абай облысында 152 мониторингтік топ азық-түлік бағасын бақылайды

Абай облысында 152 мониторингтік топ азық-түлік бағасын бақылайды

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін бүкіл жерде – үйдің жанындағы дүкендерден базарлар мен ірі супермаркеттерге дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2023 жылдың басынан бастап облыстың барлық ауданында 112 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бағаны ұстап тұру бойынша 1 260 меморандумға қол қойылды, онда сауда кәсіпорындары ең төменгі сауда үстемесін 10%-дан асырмауға міндеттеме алды.

 - Бағаның өсуіне қарсы тұрудың маңызды кезеңі «Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияны» құру еді. Жыл басынан бері оның 10 отырысы өтіп, 8 бұзушылық анықталды, оның ішінде Семей қаласы бойынша 5 бұзушылық, - деді

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.