«Отбасы орталығы» қоғамдық қоры Абай атындағы кітапханамен бірлесіп «Бүгінгі күннің қаһармандары» атты кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында «Бүгінгі күннің батырлары кімдер? Олардың ерлігіне не әсер етті? Бүгінгі қаһармандық немен өлшенеді? деген түрлі сауалдың жауабы қарастырылды.
Шараға бүгінгі күннің батырлары - көпбалалы Әбілқановтар әулетінің анасы, бастауыш сынып мұғалімі болған зейнеткер-ұстаз Жаннат Сембаева келіні Айнұр Әбілқановамен, 50 жыл бірге ғұмыр кешіп келе жатқан Исаевтар отбасы, ұлағатты ұстаздық дейтін ұлы есімнің тағы бір иесі Ғайни Тоқтарғазина және адам өмірін сақтап қалған қос батыр - құрылыс колледжінің 3 курс студенті Данил Кондратенко және №11 орта мектептің 8 сынып оқушысы Руслан Омаров қатысты. Жас еріктілер, волонтерлер де қатысты.
Қаһармандарымызға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.