Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытында болды

Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытында болды

Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытында болды. Биыл кәсіпорын өзінің 65 жылдығын атап өтпек.

Цемент өндірудің негізгі шикізаты болып табылатын саз бен әктас зауыттың өз карьерлерінде өндіріледі.

Зауыт облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Семей цемент зауыты дымқыл өндіріс әдісімен дайындалған клинкерді күйдірудің төрт технологиялық желісінен тұрады.

2018 жылы шаң шығармау, оңай тасымалдау, ұзақ сақтау, сонымен қатар сағатына 2000 қапты шығару сияқты бірнеше артықшылығы бар Германияның жоғары өнімді қаптама желісі орнатылған. Цементті 50 кг полипропиленді қаптарға салу үшін қосымша екі желі іске қосылды. Сондай-ақ өнеркәсіптің меншік вагон паркі де бар.

Бұл жерде ЦЕМ I 32,5H (М 400), ЦЕМ I 42,5H (М 500), ЦЕМ I 42,5 СС (сульфатқа төзімді) сияқты түрлі цемент маркалары мен монолитті іргетас, плиталар, жол төсемі мен гидротехникалық құрылыстарға, көпір құрылыстары мен жол айырықтарына, бөгеттер мен бассейндерге арналған бетон және т.б. мақсаттарға қарай әр түрлі маркадағы дайын бетонды шығару мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта өндірісті тоқтатпай, Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен 2020-2025 жылдарға айналмалы пештердегі шаң жинағыш қондырғыларды кезең-кезеңімен ауыстыру жоспары жөніндегі жасалған келісім жүзеге асырылуда. Бұл жоба зауыт цехтарының аспирациялық жүйелерінің жұмысын жақсартуға, атмосфераға тасталатын шығарындыларды азайтуға бағытталған алғашқы қадам болып табылады.

Биыл цементті ұнтақтайтын технологиялық желіні салу және іске қосу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жоба сала жетекшілерінің бірі болып табылатын Gebr. Pfeiffer и Claudius Peter сияқты компаниялармен серіктестікте жүзеге асырылады. Дүние жүзінде мұндай 6 желі ғана бар.

2022 жылы кәсіпорын есебінен 6 жас маман жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алды. Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес өндірістік-техникалық оқыту жүйесінде кәсіпорындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорында сауықтыру орталығы, балабақша және тәулік бойы тегін қызмет көрсететін асхана сияқты әлеуметтік инфрақұрылым сақталып, табысты жұмыс істеуде. Ал 2022 жылдан бастап «Кристалл» жазғы ойын-сауық лагері ашылды.