Өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнаған Мұхаметқазы Мұхамедиұлы шәкірттерінің бойына білім нәрін сіңіру жолында еселі еңбек ете жүріп Жарма ауданында жұмысы өңір тарихын жаңғыртуға бағытталған музейдің негізін қалады. Мұнымен қатар өзінің табандылығы мен терең ізденісінің арқасында 700-ден астам ғылыми-танымдық, публицистикалық мақаланың авторы атанды.
Мұхамедқазы Мұхамедиұлына облыс әкімшілігі мен мәдениет басқармасының атынан арнайы алғыс хаттар табысталып, иығына шапан жабылды. Мәдениет қайраткері, өнер жанашыры Адай Азаматов ғалымды 85 жасқа толуымен құттықтап арнайы медаль табыс етті.