"Шар-Әуезов" автожолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

"Шар-Әуезов" автожолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарма ауданының аумағында Шар қаласы мен Әуезов кенті арасындағы автомобиль жолын 20-дан 38-ші километрге дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобаны іске асыру автокөлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын және сапалы көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстарын биыл қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.