СЕМЕЙДЕ 1400 ОРЫНДЫҚ BINOM МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ: МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ ҚОЛДАДЫ

СЕМЕЙДЕ 1400 ОРЫНДЫҚ BINOM МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ: МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ ҚОЛДАДЫ

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясында облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық BINOM мектебінің құрылысын қолдау және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Сессия мәслихат төрағасы Шалқар Байбековтің төрағалығымен өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан мәслихаттарының төрағалары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Сессияның басында Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, «Әділет» партиясының партиялық тізімімен Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылуына байланысты депутаттар Съезбек Ахметов, Ерлан Батырбеков және Эльзира Солтабаеваның депутаттық өкілеттіктерінің тоқтатылғаны жарияланды. Мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков әріптестеріне облыстың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табыстап, алдағы саяси науқанда сәттілік тіледі.

Депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізуді қолдады. Сонымен қатар 2026–2032 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық BINOM мектебін салу және пайдалану үшін мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешім мақұлданды.

Сессияда сондай-ақ «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілді. Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі