Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

2026 жылғы қаңтар-маусымындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға өсті және 307,1 млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.

Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59,9 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 13,3%-ға көбейді.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,1%-ын құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 64,8%-ын азық-түлік емес тауарлары, 35,2%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 235,5 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,7%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,3%-дан, Бородулиха ауданына -2,3%, Үржар ауданына –3,0%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,7% (Курчатов қаласы), 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы), 1,4%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

2026 жылғы қаңтар-маусымында көтерме сауда көлемі 188,7 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 104,4% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 60,7%-ды, азық-түлік тауарлары – 39,3%-ды құрайды.

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы

Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің  басшысы:

Г.Т.Толегенова

Тел. +7 7222  362612

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы