
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли ақын, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жанат Әскербекқызымен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің әдебиеті мен мәдениетін дамыту, ұлттық руханиятты дәріптеу, жас қаламгерлерді қолдау және шығармашылық байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі ақынның қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес алғаш рет 10 күн бойы кең көлемде Абайдың 180 жылдығы аталып өтіп, түрлі мәдени-рухани, танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында семейлік ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің, яғни, 19 автордың 25 кітабы жарық көрді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 30 ауылдық кітапхана жаңғыртылып, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай алаш қайраткерлерінің балаларға арналған аудармалары алғаш рет «Мирас» сериясымен 35 кітап болып жарық көрмек.
Аймақ басшысы Жанат Әскербекқызына шығармашылық табыс тілеп, кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлердің назарға алынатынын жеткізді.