
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Абай облысының халық саны 594,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық халық – 374,2 мың адам (63%), ауылдық халық – 220,1 мың адам (37%). 2026 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 1,4 мың адамға немесе 0,2%-ға азайды.
Халықтың табиғи қозғалысы
Жалпы Абай облысы бойынша 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында халықтың табиғи өсімі 553 адамды құрады. Бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз кезеңімен салыстырғанда (684 адам) 19,2%-ға төмендеді. Халықтың 1000 адамына шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 3,78 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында туғандар саны 1797 адам болды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1926 адам) 6,7%-ға аз. Туу коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 12,29 туған баланы құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1244 адамды құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда (1242 адам) 0,2%-ға көп. Жалпы өлім-жітім коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 8,51 адам болды.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыста 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлімінің 9 жағдайы тіркелді және бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (15 нәресте) 40%-ға азайды. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 тірі туғандарға шаққанда 5,01 жағдайды құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында облысқа келгендер саны 3940 адамды, облыстан кеткендер саны 5893 адамды құрады. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде халық санының көші-қондық азаюы 1953 адам болды.
Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендер саны 39 адамды немесе 65%-ды, кеткендер саны 179 адамды немесе мигранттардың жалпы санының 84,23%-ын құрады. Облысқа келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.
Алыс шетел елдерімен оң көші-қон сальдосы қалыптасты: облысқа 21 адам келіп, 3 адам кетті. Келгендердің негізгі бөлігі Қытайдан, кеткендердің негізгі бөлігі Германияға тиесілі.
Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны 3880 адамды, кеткендер саны 5874 адамды құрады, теріс сальдо – 1994 адам.
_________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсіндірмелер
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.
Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.
Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.
Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.
www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика
|
Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 |
|
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы