
2026 жылғы қаңтар-наурызындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға өсті және 135,7 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 13-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 60,5 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 11%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 39,5%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 64,6%-ын азық-түлік емес тауарлары, 35,4%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 104,2 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,8%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,2%, Жарма ауданына –4,0%-дан, Бородулиха ауданына -2,8%,Үржар ауданына –3,3%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,6% (Курчатов қаласы) 0,8%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,9%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,5%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,1%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2026 жылғы қаңтар-наурызында көтерме сауда көлемі 77,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 106,8% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 53,5%-ды, азық-түлік тауарлары –46,5%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
|
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы