
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында жергілікті атқарушы органдардың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарының жүзеге асырылуы және Абай облысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев баяндады.
Облыс әкімі отырыста бюджет қаражатын тиімді игеру, жұмыстарды сапалы орындау мәселелеріне назар аударып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін заң бұзушылықтарға жол бермеуді және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.