
Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылына апаратын көпірді 2024 жылы көктемгі тасқын суы шайып, екі жыл бойы қатынас үзілген болатын. Ауыл тұрғындары жолды 120 шақырымға ұзартып, Қарағандыкөл ауылы арқылы айналып өтулеріне тура келді.
Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес маңызды инфрақұрылымдық нысанды қайта салу бойынша нақты жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда Тассай ауылына баратын көпір арқылы көлік қатынасына рұқсат берілді.
Сонымен қатар, мердігер ұйым басшысы Қанат Сақан өз қаражаты есебінен көпірден республикалық маңызы бар автожолға дейін асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Жоба толық аяқталған кезде, яғни, биылғы жылдың соңында жаңа көпір толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.