Абай облысының мәслихаты «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады

Абай облысының мәслихаты «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады

Абай облысының мәслихаты мен қала депутаттары және мәслихат аппараты облыс әкімі Берік Уәлидің «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы үндеуін қолдап, сенбілікке шықты.

Бүгін олар Семей қаласындағы «Бейбітшілік» аралында орналасқан «Достық» аллеясының маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аумақ қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді.

Мәслихат депутаттары тазалықты сақтау ортақ міндет екенін атап өтті. Мұндай шаралар қоғамдық жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаны күтіп ұстауға ықпал етеді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары өңірде тұрақты түрде жүргізіледі, екі ай бойы жалғасады.