Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі  invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

  1. БЖЗҚ енгізген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі инернет-платформа дегеніміз не?

Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

  1. Бұл жобаның мақсаты қандай?

Жобаның мақсаты – халықты осы бағыттағы мәліметтен хабардар ету деңгейін арттыру және зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру есебінен зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктері туралы тұрақты түсінік қалыптастыру.  

Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – бұл салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн-режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.

  1. invest.enpf.kz порталында салымшылар қандай ақпаратқа қол жеткізе алады?

invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-лардың реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Интернет-ресурс кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жүйеленген түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір кезеңдер аралығын таңдау арқылы динамикада сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар) басқаруындағы зейнетақы активтері портфельдері бойынша әртүрлі деректерді салыстыруға мүмкіндік береді. Салымшыларға инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өз мақсаттарына сай келетін басқарушыны және оның инвестициялық стратегиясын таңдауға арналған құралдар ұсынылады.

Осылайша, бірыңғай интернет-платформа зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды тетігіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға саналы түрде қатысуына және өзінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді.

  1. Платформаның негізгі мүмкіндіктері қандай?
  • Ақпараттың көрнекілігі мен қолжетімділігі

         Барлық деректер пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы және түсінікті форматта ұсынылған, бұл салымшыға өз қаражатының қайда және қалай инвестицияланатынын көруге мүмкіндік береді

  • ИПБ-лардың кірістілігі мен көрсеткіштерін салыстыру

Платформа ИПБ-ларды портфель құрылымының кірістілігі, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялық қызмет нәтижелері сияқты негізгі өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.

  • Инвестициялық стратегияны саналы түрде таңдау

          Салымшы инвестициялық декларацияларды дербес зерделей алады және зейнетақы жинақтарын активтерді инвестициялық басқару критерийіне сәйкес өзі таңдаған ИПБ-ның басқаруына бере алады.

  • Салымшы толық ақпараттық бақылау жасай алады

          Қажетті талдау жүргізе отырып, Пайдаланушы порталдан жеке кабинетке өту арқылы өзінің жеке зейнетақы активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алады. Қажет болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудара алады.

  1. Салымшы жеке кабинетте қандай операцияларды орындай алады?

          Жеке кабинетте салымшы:

  • ИПБ-ға/дан – ҚРҰБ-қа/тан беру/қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) туралы немесе ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру қағидалары және шарттарымен таныса алады;
  • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) немесе ҚР ҰБ-ға қайтару туралы өтініш беру және оның мәртебесін қадағалау;
  • басқа да зейнетақы қызметтері қолжетімді.

Тақырып бойынша сұхбат: https://youtu.be/W9vL4G67ESc?si=Y-FxABaaMphxsfsp

Бейненұсқаулық: https://youtu.be/XH8ZjgxhkpQ?si=RrcYaR64wpj_wbvH