
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Amanat» партиясының облыстық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, «Отбасы» банкінің жергілікті филиалының өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелерді көтерді.
Аймақ басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.