
Аймақ басшысы Берік Уәли Рамазан айының қарсаңында облыстың бас имамы Асқар қажы Әбітайұлымен кездесті.
Кездесу барысында Асқар қажы Әбітайұлы облыстағы жалпы діни ахуал, мешіттердің жай-күйі туралы баяндады. Сондай-ақ, келе жатқан Рамазан айына байланысты облыс мешіттерінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесуде Семейдегі Абай Құнанбайұлы атындағы мешіттің сыртқы жөндеу жұмыстары туралы да айтылды.
Облыс әкімі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті ай Рамазан айының келуімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.