Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

2026 жылғы қаңтардағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға өсті және 41,5 млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,8%-ды құрады.

Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 57,7 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 10,8%-ға көбейді.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 42,3%-ын құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 66,0%-ын азық-түлік емес тауарлары, 34,0%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 31,4 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75,5%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,5%, Жарма ауданына –4,0%-дан, Бородулиха ауданына -3,1%,Үржар ауданына –3,5%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,9% (Курчатов қаласы) 0,7%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,6%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,4%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

2026 жылғы қаңтарында көтерме сауда көлемі 23,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 108,7% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 52,5%-ды, азық-түлік тауарлары –47,5%-ды құрайды.

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы

Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің  басшысы:

Г.Т.Толегенова

Тел. +7 7222  362612

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы