Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, тиісті басқарма басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Кеңес барысында өңірдің инвестициялық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа өндірістерді іске қосу және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау - негізгі басымдықтардың бірі.

Инвестиция тарту тұрақты экономикалық өсудің, жаңа жұмыс орындарын құрудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігі болып табылады. Осы бағытта инвесторларды жан-жақты қолдау, жобаларды жедел сүйемелдеу және қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.

Отырыстың қорытындысы бойынша жалпы құны шамамен 40 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба мақұлданды. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 522 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.