Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

Абай облысының құрметті тұрғындары!

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сіздерді демократия, заңдылық және азаматтардың еркін ерік білдіру қағидаттарына адалдықты айқындайтын маңызды мереке — Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтайды.

Дүниежүзілік сайлау күні — қоғамға сайлау құқығының маңыздылығын және азаматтардың демократиялық мемлекет қалыптастырудағы рөлін еске салатын маңызды дата. Бұл күн елдер мен халықтарды таңдау еркіндігі, ашықтық, заңдылық және өз елінің болашағы үшін жауапкершілік сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді.

Осы мерекелі күні барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелеріне, байқаушыларға және сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге үлес қосқан жандардың барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Абай облысының сайлаушыларына белсенділігі, сенімі мен жауапкершілігі үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы