Облыс әкімі Семей қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі Семей қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан медициналық көмек көрсету, ауыз сумен қамту, жарықтандыру мен жолдарды жөндеуге, абаттандыруға қатысты мәселелер көтерілді.

Облыс әкімі Берік Уәли қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Аймақ басшысының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары Семей қаласының тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.