Абай ауданында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Абай ауданының Архат, Құндызды, Кеңгірбай би және Медеу ауылдарында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін Медеу ауылдық округіндегі су құбырының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған. Мемлекеттің арнайы қоры есебінен тамыз айында басталған жоба қазір аяқталу сатысында.

Қазіргі таңда нысанда 5 техника мен 25 жұмысшы жұмыс істеуде. Су тарту жұмыстары толық аяқталды. Су мұнарасы тұрғызылып, ұңғымаға фильтр орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар «Риза» шаруа қожалығы мекемесімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындары үйлеріне су жүйесін кіргізу жұмыстарын жүргізуде.