Абай облысы мәслихатының ХХХІІ сессиясы өтті

Абай облысы мәслихатының ХХХІІ сессиясы өтті

Абай облысы мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат депутаттары және басқарма басшылары қатысты.

Сессия барысында мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков 2025 жылғы мәслихат қызметінің қорытындысы туралы баяндама ұсынып, депутаттық корпустың жұмысы мен негізгі бағыттар бойынша атқарылған шараларды атап өтті. Сондай-ақ өкілеттілігі тоқтатылған Кеңеспек Мейірлінің орнына жаңа депутат Данияр Жұмағалиұлы таныстырылды.

Күн тәртібінде әлеуметтік және экономикалық сипаттағы мәселелер қаралды. Депутаттар «Қарағайлы» санаторийінде санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру жобасына өзгерістер енгізу, амбулаториялық деңгейде көрсетілетін тегін медициналық көмектің тізбесін кеңейту, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау және 2025–2027 жылдарға арналған бюджетке нақтылау енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері бекітіліп, Курчатов қаласындағы бірқатар көшені қайта атау, облыс әкімдігі құрамына келісім беру және 2026 жылға арналған мәслихат жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.

Отырыс соңында депутаттық сауалдар жолданып, облыс әкімінің бірінші орынбасары қорытынды сөз сөйлеп, қабылданған шешімдердің өңір дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Сессия жұмысы бекітілген барлық мәселенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.