Облыс әкімі Шынқожа ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Шынқожа ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының Шынқожа ауылындағы бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы әуелі ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Нысан 2003 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты, осы ауылдың тумасы Нұртай Сабильяновтың қолдауымен салынған. Мұнда 4 адам еңбек етеді. Ғимаратта 180 орындық көрермен залы бар. Сондай-ақ, 3 үйірме клубы жұмыс істейді. 2020 жылы аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ауылда 963 тұрғын бар. Облыс әкімі Мәдениет үйінде елді мекен тұрғындармен, ақсақалдармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 

Аймақ басшысы Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде де болды. Білім ордасы 1992 жылы салынған. 145 оқушы оқиды, 37 мұғалім еңбек етеді. Нысанда 2 спорт залы, 22 оқу кабинеті бар. Мектеп 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен. Білім ошағының 100 жылдығына байланысты биыл демеушілер есебінен 6 кабинет жабдықталды.

Облыс әкімі мектептің асханасын, спорт залын, оқу кабинеттерін аралап, мұғалімдермен, оқушылармен, жас мамандармен пікірлесті.

«Шынқожа – тоғыз жолдың торабында орналасқан береке-бірлігі жарасқан, тарихы терең ауыл. Сіздермен жүздесейін, пікірлеріңізді тыңдайын деп арнайы келдім.  Биыл мектептеріңізге 100 жыл толып отыр. Ғасырлық тарихы бар білім ордасының барлық кабинеттері толық жабдықталған. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді аймақ басшысы.