Облыс әкімі Жаңасемей ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі Жаңасемей ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдауға келген азаматтар инфрақұрылымдық және мәдени сипаттағы мәселелерді көтерді.

Қайнар ауылының тұрғыны Жәнібек Наурызбаев Қайнар ауылындағы қоқыс полигонын қоршау, жолға қызмет көрсететін мекеме ашу, жасөспірімдер жөніндегі учаскелік инспектор қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстарын айтты.

Ақбұлақ ауылының тұрғыны Думан Сайлауғалиұлы Әміре Қашаубаевтың 140 жылдығын атап өтуге, Ақбұлақ ауылын жарықтандыруға, абаттандыруға, елді мекенге дейінгі жолды жөндеуге қатысты мәселелерді жеткізді.

Облыс әкімі Берік Уәли қабылдауда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.