2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы демографиялық жағдай туралы

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы демографиялық жағдай туралы

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Абай облысының халық саны 597,3 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 374,4 мың адам (62,7%), ауыл тұрғындары – 222,9 мың адам (37,3%). 2025 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 5,5 мың адамға немесе 0,9%-ға азайды.

Халықтың табиғи қозғалысы

Абай облысы бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында халықтың табиғи өсімі 2229 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (3142 адам) салыстырғанда 29,1%-ға аз. Халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,98 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында туғандар саны 6200 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (7231 адам) 14,3%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,84 туғанды құрады.

Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 3971 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (4089 адам) салыстырғанда 2,9%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,86 қайтыс болғанды құрады.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста 1 жасқа дейінгі 37 сәби өлімі тіркелді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (58 сәби) 36,2%-ға азайды. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 5,97 жағдайды құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызмет органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облысқа келгендер саны – 23624 адам, облыстан кеткендер саны – 31393 адам болды. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 7769 адамдық теріс сальдо қалыптасты.

Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендер саны – 68 адам немесе жалпы мигранттардың 66%-ы, кеткендер – 140 адам немесе 89,7%-ы. Келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.

Алыс шетелдермен көші-қон бойынша оң сальдо қалыптасты: облысқа 35 адам келді, 11 адам кетті.

Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны – 9947 адам, кеткендер – 17663 адам, теріс сальдо – 7716 адамды құрады.

_________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсіндірмелер

Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.

Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.

Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.

Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.

Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.

Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.

Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.

Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

 

www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика

Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің  басшысы:

С.А. Кондратьева

Тел. +7 7222 36-25-49

Мекен-жайы:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы