
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары, Семей қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй саласына, медициналық көмек көрсету, жолдарды жөндеу, кәсіпкерлікке грант беруге қатысты мәселелерді көтерді. Көп балалы ана Меруерт Аймұратова Қарақалпақстаннан өзіне қажетті құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу жөнінде өтініш білдірді.
Аймақ басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, қала әкімдігінің өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.