«Семей» футзал клубы өз алаңында Польша командасымен кездесті

«Семей» футзал клубы өз алаңында Польша командасымен кездесті

Бүгін Семейдегі «Арена» спорт кешенінде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында жергілікті «Семей» футзал клубы Польшаның «Пьяст» командасын қабылдады.

Кездесу барысында екі команда да тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Алғашқы ойында 3:3 есебі тіркелді.

Ерекше атап өтерлігі, осындай ауқымдағы ойын Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Алаңға жиналған жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Спорт кешеніне 5 мыңға жуық көрермен жиналды.

Кездесуді облыс әкімі Берік Уәли тамашалап, жергілікті командаға өз қолдауын білдірді.

Бұл кезеңдегі келесі ойын желтоқсанның 5-і күні Польшада өтеді.