Абай облысында әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

Абай облысында әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

Семейде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Мерекелік жиында бірқатар мамандар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі бар. Сондай-ақ «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» және «үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының өңірлік кезең жеңімпаздары анықталып, естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.