Облыс әкімі Берік Уәли бүгін Семей қаласының Ұшақтар шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды.
Жалпы аумағы 1770 шаршы метрді құрайтын нысан 1,1 гектар аумақта бой көтереді. Кешен екі корпустан тұрады және бір мезетте 115 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда 11 үстелге арналған теннис залы, күрес, заманауи жаттығу залдары, футбол алаңдары қарастырылған. Нысанды 2026 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл жоба қала тұрғындарына салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты түрде айналысуға мүмкіндік береді.
«Екі ғимараттан тұратын спорттық сауықтыру кешені – «Самұрық қазына» әл ауқат қоры мен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жобасы. Нысан Ұшақтар шағын ауданында, жолдың бойында, тұрғындарға қолайлы жерде орналасқан. Бұл маңда спорт кешені жоқ. Осы төңіректегі тұрғындардың игілігі үшін жұмыс істейтін, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін үлкен спорт кешені болады» деді аймақ басшысы.