Семей қаласында 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Гагарин көшесіндегі (оң жағалаудағы айналма жолдан «Спартак» стадионына дейінгі учаске) жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақтта жоба аясында ескі асфальт жамылғысы алынып, екі қабатты жаңа асфальт төселуде.

Жалпы, биыл облыс орталығында 52 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 16 көшеде ескі асфальт толық жаңартылып, 36 көшеге алғаш рет асфальт төселіп жатыр. Қазіргі уақытта 25 көшедегі жұмыстар толық аяқталды. Қалған көшелердегі жөндеу жұмыстары қазан айының ортасына дейін тәмәмдалмақ.

Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды, Ұлттық сапа орталығы мамандарына жол сапасын тұрақты қадағалауды тапсырды.

«Қаладағы жөнделген көшелерге халық ризашылығын білдіріп жатыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек» деді облыс әкімі.