Облыс әкімі Мақаншы ауданының ең шалғайдағы ауылында болды

Облыс әкімі Мақаншы ауданының ең шалғайдағы ауылында болды

Шекара шебіндегі Ақшоқы ауылы Семей қаласынан 700 шақырымға жуық, аудан орталығынан 70 шақырым жерде орналасқан. Облыс әкімі Берік Уәли елді мекендегі Мәдениет үйінде болды.

1984 жылы салынған Мәдениет үйінде қазіргі уақытта 6 қызметкер жұмыс істейді. Мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылықпен айналысуына және түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аймақ басшысы Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесуде тұрғындар тарапынан елді мекендегі интернет сапасын арттыру, Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

«Бүгін 700-ге жуық шақырымды артқа тастап ауылдарыңызға арнайы келіп отырмын. Ауылға сапалы интернет орнату мәселесін қарастырамыз. Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізуге көмектесеміз. Шекаралық аймақтағы Мақаншы ауданының өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады» деді облыс әкімі.