10–15 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара қол күрестен
27-ші әлем чемпионаты өтті. Жарыс Армрестлингтің Дүниежүзілік Федерациясы (WAF) ұйымдастырған 46-шы әлемдік пара қол күресі чемпионаты аясында өткізілді.
Чемпионатқа әлемнің 24 мемлекетінен 547 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Абай облысы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің 3-курс студенті Данил Тихонов 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жас спортшыны колледж ұжымы, ата-аналар мен студенттер қошемет көрсетіп қарсы алды. Жаттықтырушысы – Данияр Тайменов.