Облыс әкімі Ұлттық музей директорымен кездесті

Облыс әкімі Ұлттық музей директорымен кездесті

Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен өңірге келген ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.

Кездесу барысында облыстағы музей ісінің дамуы мен мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды. Ұлттық музей директоры жергілікті музейлердің жағдайымен танысып, ондағы құнды жәдігерлердің сақталуы мен қор жұмысына назар аударды.

Берік Әбдіғалиұлы өңірлік музейлерге ғылыми-методикалық тұрғыда қолдау көрсету жайын айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта арнайы жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, музей ісіндегі заманауи тәжірибелерді енгізу сөз болды.

Облыс әкімі мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту аймақ үшін аса маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы бірлескен жобаларды қолдайтынын жеткізді.