Облыс әкімі Берік Уәли Үкімет отырысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.
Облыс орталығы Семей қаласын 1-ші Жылу Электр Орталығы және 19 қазандық жылумен қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда 19 қазандықтың 13-і жылыту маусымына толықтай дайын. Қалған 6 қазандықта (резервтік қазандар мен жабдықтарда) жөндеу жұмыстары 25-ші қыркүйекке дейін толығымен аяқталады.
«Аягөз қаласын жылумен 7 қазандық қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда 6 қазандық жылыту маусымына дайын. «Орталық» қазандықтағы жылыту қазандарының жөндеу жұмыстары 2 ауысымда жүргізілуде. 4,4 гигоколлориялы жылыту қазандарын 10 гигоколлориялы қазандарға ауыстырып, нетижесінде қазандықтың қуаттылығы 9,5 гикоколориядан 30 гикоколорияға дейін артады және қосымша 400 дей абонент орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. 1-ші жылыту қазанын 20 қыркүйекке дейін, ал 2-ші резервтік жылыту қазанын 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз» деді аймақ басшысы.
Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінде қазандықтарды жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен 3 млрд 800 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде облыс орталығына – 2,3 млрд теңге. Аягөз қаласына 1 млрд. 400 млн. теңге. Облыстық бюджеттен қосымша – 2 млрд 600 млн. теңге бөлінді.
Абай облысында орталықтандырылған жылумен 3 қала және 5 аудан қамтамасыз етілген (Семей, Курчатов, Аягөз қалалары, Жарма ауданы (Шуақ ауылы, Әуезов кенті), Бородулиха ауданы (Бородулиха ауылы, Жезкент кенті), Жаңасемей ауданы (Шүлбі кенті), Абай ауданы (Қарауыл ауылы), Үржар ауданы (Үржар ауылы)).