Тамыз конференциясында облыс әкімі Берік Уәли білім саласында айтарлықтай еңбек сіңірген бірқатар ұстаздарға жоғары марапат белгілерін табыс етті.

Тамыз конференциясында облыс әкімі Берік Уәли білім саласында айтарлықтай еңбек сіңірген бірқатар ұстаздарға жоғары марапат белгілерін табыс етті.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақсуат ауданындағы К.Нұрбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Байболатова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Абай ауданындағы Қарауыл гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Үміткүл Әділбек, Семей қаласындағы №50 IT-мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Парзана Мустафина, Жаңасемей ауданындағы Бұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Хамзина марапатталды.

Сондай-ақ «Үздік ұйым» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Ол бойынша «Білім-инновация» лицейі – 30 млн теңге, Би Боранбай атындағы мектеп (Ақсуат ауданы) – 20 млн теңге, Аягөз қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп – 18 млн теңге иеленді