Абай облысының әкімі Берік Уәли қайғы жамылған отбасыларға көңіл айтты

Абай облысының әкімі Берік Уәли қайғы жамылған отбасыларға көңіл айтты

«Үржар ауданында орын алған жантүршігерлік оқиға бәpіміздің қабырғамызды қайыстырды. Көлік қағып кеткен балалардың қазасына байланысты орны толмас ауыр қайғыға душар болған отбасыларға өзімнің және бүкіл Абай облысы жұртшылығының атынан қайғырып көңіл айтамын! Қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ психологиялық оларға көмек беріліп жатыр», – делінген көңіл айтуда.

Айта кетейік, жарақат алған балаларды Президенттің тапсырмасымен Астанадан арнайы келген еліміздегі білікті дәрігерлер емдеп жатыр.

Бұл жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.