2025 жылғы қаңтар-маусымдағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға өсті және 264,4 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 13-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59%-ын құрады және 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,7%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 41%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 72%-ын азық-түлік емес тауарлары, 28%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 200,9 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,3%-дан, Бородулиха ауданына -3,1%,Үржар ауданына –3,1%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,8% (Курчатов қаласы) 0,9%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,6%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,4%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2025 жылғы қаңтар-маусымында көтерме сауда көлемі 163,0 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 117,5% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 71,9%-ды, азық-түлік тауарлары – 28,1%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.Толегенова Тел. +7 7222 362612 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы