Абай облысындағы атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйі туралы

Абай облысындағы атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйі туралы

2024 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары 36,8 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі алдынғы жыл мен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді.

Облыс кәсіпорындары ластаудың барлық стационарлық көздерінен шығатын ластаушы заттардың жалпы санынан ластаушы заттардың 83,4%ұстап алып, залалсыздандырды.

Ластаушы заттар шығарындыларының ең көп көлемдері Семей қалалық әкімшілігі (19,8 мың тонна), Аягөз ауданы (4,6 мың тонна), Жарма ауданы (4,2 мың тонна), Бородулиха ауданы (3,1 мың тонна) және Жаңасемей ауданы (1,5 мың тонна) аумақтарында шоғырланған.

Есепті жылда облыстың ауа бассейіне көміртегі тотығы – 12,9 мың  тонна, бейорганикалық шаң –  12,1 мың  тонна,  күкіртті ангидрид – 5,4 мың  тонна, азот диоксиді – 3,3 мың  тонна, тағы басқа ерекше ластаушы заттар түсті.

_________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсіндірмелер

Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары – шығарындылардың тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) көздерінен (халықтың денсаулығы немесе қызметіне, қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер ететін) ластайтын заттардың атмосфераға түсуі.

Ұйымдастырылған тұрақты көздерге зиянды заттар газ қалдықтары және ауа айдаушы жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.

www.stat.gov.kz/Ресми статистика/Салалар бойынша/ Қоршаған орта статистикасы

 

Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. Исаханова

Тел. +7 7222 52-49-18

Орындаушы: Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманы

А.Т.Майкибаева

Тел. +7 7222 52-49-18

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросы