2025 жылғы қаңтар-мамырдағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсті және 205,0 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 58%-ын құрады және 2024 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 12,8%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 42,0%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,8%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,2%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 155,6 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 75,9%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,1%-дан, Бородулиха ауданына -3,5%,Үржар ауданына –3,3%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,4% (Курчатов қаласы) 0,8%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,6%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,3%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2025 жылғы қаңтар-мамырында көтерме сауда көлемі 124,9 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 117,7% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 72,1%-ды, азық-түлік тауарлары – 27,9%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімі басшысының м.а.: М.Каттебаева Тел. +7 7222 362612 |
Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы